Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.06.08 № 51-11 Шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде № 6-9-61 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 52 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешімнің қосымшасындағы «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) Тәртіптің 2 тармағындағы:
«30 (отыз)» деген сан және сөз «120 (бір жүз жиырма)» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы
Л. Асанова М. Есмаханов