Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2010.12.24 № 46-24 Шешімімен.
Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2008.12.09 № 16-5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз); 2010.03.30 № 34-12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз); 2010.09.21 № 42-9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6 бабының 11 тармағын және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсету қосымшаға сәйкес мөлшері мен тәртібі белгіленсін.
2. «Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы» Ережесін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 13 қазандағы № 8-4 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1489 болып тіркелген, 2004 жылдың 10 қарашадағы № 77 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қазандағы № 8-4 «Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы» Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 16 қарашадағы № 9-3 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1538 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 қаңтарындағы № 7 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қазандағы № 8-4 «Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы» Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы № 12-29 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-6 болып тіркелген, 2005 жылдың 13 шілдесіндегі № 56 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қазандағы № 8-4 «Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы» Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 15-10 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-10 болып тіркелген, 2005 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 76 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының т өрайымы хатшысы
Ф. Маман М. Есмаханов
Сарысу аудандық мәслихатының
2008 жылғы 3 маусымдағы
№ 8-3 шешіміне қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Тәртібі
Осы тәртіп «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы негізінде табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуге ақы төлеу тәртібін белгілейді.
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері.
1. Тұрғын үй көмегі Сарысу ауданында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалға алушылары) болып табылатын орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі.
2. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстау үшін әр отбасына 120 (бір жүз жиырма) еселенген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде жылына бір рет ақшалай көмек көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2008.12.09 № 16-5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз); 2009.06.16 № 23-11 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз); 2010.03.30 № 34-12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
3. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін бір, екі немесе үш мүшесі бар әр отбасына жылу берілмейтін кезеңде екі, жылу берілетін кезеңде он, төрт немесе одан көп мүшесі бар отбасыларына жылу берілмейтін кезеңде бес, жылу берілетін кезеңде он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсанына бір рет көмек көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Сарысу аудандық мәслихатының 2008.12.09 № 16-5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен.
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудегі төлеу тәртібі.
4. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алушылардың қорытынды тізбесін жасап, «Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиісті қаржы бөлу жөнінде сұраныс береді.
5. Табысы аз отбасыларына тұрғын жайларын ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін берілетін жәрдемақыны төлеуі жергілікті бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша тиісті қызмет көрсететін мекемелердің есеп шотына аударылуы мүмкін.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2010.09.21 № 42-9 Шешіммен.