Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.06.08 № 51-11 Шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына және Сарысу аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 4-1612 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 Шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде №6-9-61 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 шілдесіндегі №52 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тәртіптің 5 - тармағындағы:
«немесе пошта бөлімдері», «және қолма-қол төленбейді» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
М. Төлепбеков М. Есмаханов