2011 жылы Сарысу ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 Шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарында 6-9-107 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Абдуллаевқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сарысу ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Жаңатас қаласының және ауылдық аймақтың әкімдері «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Сарысу ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ж.Амиреевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №44 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды әскери дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.
      5. «Жамбыл облысының Ішкі істер Департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Нүркенов (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М.Тоқсанбаеваға жүктелсін.
      7. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж.Омаров

"КЕЛІСІЛДІ"

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Сарысу аудандық
орталық емханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері Ж.Амиреев
13 желтоқсан 2010 жыл

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Абдуллаев
13 желтоқсан 2010 жыл

«Жамбыл облысының Ішкі істер
Департаменті Сарысу ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Нүркенов
13 желтоқсан 2010 жыл
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады