Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 26.02.2019 № 59 қаулысымен, Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараныз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7, 18-1 баптарына және нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 216 Қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-81 болып тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымында "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармақтағы "2009 жылға арналған" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ғ.Т. Қартабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі | О. Жиенқұлов |