Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 59 қауылысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 4129 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларның күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Молдабекұлы Оспановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Алиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "26" ақпаны
№ 59 қаулысына қосымша

Талас ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 03 ақпандағы № 11 қаулысымен бекітілген "Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 869 болып тіркелген, 2003 жылдың 31 мамырында "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      2. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 08 мамырындағы № 37 қаулысымен бекітілген "Аудан ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға бюджеттен несие беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 980 болып тіркелген, 2003 жылдың 21 маусымында "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      3. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 05 мамырындағы № 33 қаулысымен бекітілген "Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 981 болып тіркелген, 2003 жылдың 21 маусымында "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      4. Талас аудандық әкімиятының 2008 жылғы 12 наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген "Талас ауданындағы нысыналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 58 болып тіркелген, 2008 жылдың 28 сәуіріндегі "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      5. Талас аудандық әкімиятының 2009 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысымен бекітілген "Талас ауданындағы нысаналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы" Талас ауданы әкімиятының 2008 жылғы 12 наурыздағы №88 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77 болып тіркелген, 2009 жылдың 16 мамырындағы "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      6. Талас аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 мамырындағы № 216 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81 болып тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымдағы "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      7. Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 58 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 216 қаулысына өзгерту енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 95 болып тіркелген, 2010 жылдың 31 наурызындағы "Талас тынысы" газетінде жарияланған);

      8. Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашасындағы № 461 қаулысымен бекітілген "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2443 болып тіркелген, 2015 жылдың 24 қаңтарында "Талас тынысы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады