Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2011.04.06 № 32-6 Шешімімен.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Шу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражат есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2.Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Е.Жиенбеков Б.Саудабаев