РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шу ауданы Шу қаласы елді мекенінде (үй іргесіндегі жер телімдерін қоспағанда) жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына екі есеге кемітетін түзету коэффициенті бекітілсін.
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Е. Жиенбеков | Б. Саудабаев |