Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты өз қызметін тоқтатқан (Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.20 N 2-34/165 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) қорғанысқа қатысу әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшыларына және қатардағы құрамының адамдарына 10000 теңге мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға 10000 теңге мөлшерінде;
3) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға 10000 теңге мөлшерінде;
4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 10000 теңге мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) қайта некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына) 10000 теңге мөлшерінде;
6) жалпы ауруға шалдығудың немесе еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде қайтыс болған, екiншi рет некеге тұрмаған, соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне) 10000 теңге мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарiмен наградталған адамдарға, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда ерен еңбегі мен қалтықсыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға 5000 теңге мөлшерінде.
2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім):
1) бөлім тізімдері бойынша жоғарыда көрсетілген санаттарға біржолғы материалдық көмек тағайындауды және шоттарға төлемдерді төлеуді қамтамасыз етсін, ал біржолғы материалдық көмекті алуға құқығы бар, бірақ бөлім тізімдерінде жоқ тұлғаларға белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі бір санатқа жататындығын растайтын құжатқа сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақылар алушылардың жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады;
2) банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарға 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін біржолғы материалдық көмек сомасының аударылуын қамтамасыз етсін;
3) материалдық көмек көрсету шығындарын 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төраға – Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
4. Осы шешім оларды алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының кезекті
XХХІ сессиясының төрайымы О. Буздалина
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Бексұлтанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы Ж. Ысқақов
30.03.2010