Ескерту. Шешімнің қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды қаласы әкімі аппаратының 14.07.2015 № 1-16.2684 хаты).
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес Қарағанды қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар айынан наурыз айына дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан және Октябрь ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің шақыру учаскелеріне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу заңмен белгіленген тәртіпте өткізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Х.М. Мақсұтовқа және Қарағанды қаласының аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің бастықтарына (С.В. Жаров, Ю.А. Хритов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б. Әбдішев
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды қаласы Қазыбек би
атындағы ауданның қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы С.В. Жаров
Қарағанды қаласы Октябрь
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы Ю.А. Хритов