Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/9 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда N 8-3-94 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жыл бойында жәрдемақыны тағайындауға өтініш білдірген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) берілетін материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға материалдық көмекті "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төлесін.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010.03.04 N 8/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады