Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы N 8/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 сәуірде N 8-3-100 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/8 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-95 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      4 тармақ келесі мәтінде берілсін:
      "4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.".
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/9 "Негізгі азық – түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекеленген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-94 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      5 тармақ келесі мәтінде берілсін:
      "5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.".
      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/10 "Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-93 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-қосымшадағы 11 тармақ келесі мәтінде берілсін:
      "11. Учаскелік полиция инспекторларына халықпен жұмыс істеуіне көмек көрсету.".
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады