Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/8 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда N 8-3-95 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
      2) материалдық көмекті төлеу алушылардың жеке шотына аудару арқылы жүргізсін.
      2. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010.03.04 N 8/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады