Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 30.10.2014 № 44/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысының әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 09/16 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасын бекіту туралы" қаулысын (2005 жылғы 1 маусымдағы Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылдың 1 маусымында N 1787 тіркелген, 2005 жылғы 11 маусымында "Индустриальная Караганда", N 70 (20153), "Орталық Қазақстан" N 115-116 газеттерінде жария етілді) орындау мақсатында, Балқаш қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға арналған тұрақты үй-жай ретінде Балқаш қаласы, Шашубай мөлтек ауданы, 3 мекен-жайында орналасқан "Луч" дүкені белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов