Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32/261 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 тамызда N 8-4-192 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 наурыздағы N 43/338 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.24 N 43/338 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) азық-түлік себеті құнының ұлғаюына байланысты әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, сонымен қатар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға;
      2) жаңа оқу жылына, ата-аналары өмірлік қиын жағдайда жүрген және аз қамтылған отбасылар балаларына;
      3) жалпы орта мектеп, орта арнаулы оқу орынын ағымдағы жылы аяқтаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) амбулаторлық ем алу кезеңінде, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын көпбалалы отбасылар қатарына жататын түберкүлезбен ауыратындарға.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            А. Тунгишбаев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      30.07.2010 ж.

      Қаржы бөлімінің бастығы                    Томпиева Ж.К.
      30.07.2010 ж.

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы                          Кондубаева А.Б.
      30.07.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады