2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 45/30 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-211 тіркелді. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2015 жылғы 3 ақпандағы N 4-16/185 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 03.02.2015 N 4-16/185 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың табыс табуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай ММ) (Қ.Қ. Адамова):
      1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелермен қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері, қаржыландыру көздері және жұмыс түрлері мен нақты жұмыс жағдайы көрсетілген шарттар жасасын;
      2) 2011 жылы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізбесіне сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
      3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
      4) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақылары ең төменгі төлемақы көрсеткішінің біржарым есе мөлшерінде төленсін.
      3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.Қ. Томпиева) бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06 "2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі N 8-4-162, 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7-8 (11521) "Балқаш өңірі", N 7 (555) Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының, Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/01 "2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі N 8-4-182, 2010 жылғы 5 мамырдағы N 56 (11569) "Балқаш өңірі", N 51 (599) Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

Балқаш қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
N 45/30 қаулысына қосымша

2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011.05.19 N 20/16 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

N

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атаулары

Жылдық адам саны

Жұмыс түрлері

1

2

3

4

1

"Балқаш қаласының әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі (әрі қарай ММ)

32

Құжаттарды тарату

2

"Балқаш қаласының Қоңырат кенті әкім аппараты" ММ

48

Кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары

3

"Балқаш қаласының Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

5

Ауылшаруашылық жұмыстары

4

"Балқаш қаласының Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

40

Кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары

5

"Балқаш қаласының Саяқ кенті әкім аппараты" ММ

28

Кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары

6

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ

4

Сессиялар және тұрақты комиссия хаттамаларын дайындауда және құжаттарды мұрағатқа тапсыруға көмек

7

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

8

Тізілімдерді, хабарламаларды дайындау жұмыстары, құжаттарды өңдеу

8

"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

28

Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек көрсету, жұмыссыздықты болдырмау жөнінде дағдарысқа қарсы іс-шараларын іске асыру жөніндегі құжаттарды өңдеу, әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аулааралық тексеру

9

"Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

12

Құжаттарды өңдеу, іс-қағаздарды жүргізу, саяжай және көлікжай алабын түгендеу

10

"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

28

Диспетчерлік жұмыс, тұрғын-үй коммисиясында құжаттарды тіркеу

11

"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ

12

Құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау

12

"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

20

Жалпы - мәдени іс-шараларды жүргізуге көмек

13

"Балқаш қаласы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" ММ және соның ішінде жалпы білім беру мектептері

76

Іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші

14

"Балқаш қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" ММ

4

Жұмыстарды атқаруда көмек, құжаттарды өңдеу

15

"Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ

8

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша құжаттарды өңдеу

16

"Балқаш қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" ММ

8

Ауыл шаруашылық жануарларын есептеу және тіркеуді жүргізу, ақпараттарды жинақтау

17

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ

4

Құжаттарды өңдеу

18

"Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" ММ

4

Санитарлық тазарту жұмыстары

19

"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш қалалық қазынашылық басқармасы" ММ

8

Жұмыстарды атқаруда көмек, құжаттарды өңдеу

20

"Балқаш қаласының статистика бөлімі" ММ

12

Құжаттарды өңдеу және тіркеу, санақ бойынша сұхбат жұмыстарын жүргізу

21

"Балқаш қаласы бойынша салық басқармасы" ММ

40

Салық төлеу туралы ескертулерді тарату, берешектерді жинау

22

"Балқаш қаласының әділет басқармасы" ММ

50

Формулярларды реттеу, құжаттарды өңдеу жұмыстары

23

"Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ Балқаш қаласының филиалы

4

Қосалқы жұмыстар, құжаттарды өңдеу

24

"Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ

39

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақыру және тіркеу қағаздарын тарату

25

"Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағаты" ММ

8

Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, мұрағаттық істерді жаңғырту

26

"Балқаш қалалық сот" ММ

32

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, құжаттарды өңдеу

27

Қарағанды облысының сот актілерін орындау Департаментінің Балқаш аумақтық сот орындаушылар бөлімі

52

Атқару іс жүргізу бойынша хабарламаларын тарату

28

"Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" ММ

32

Хабарлама, ескерту қағаздарын тарату

29

"Қарағанды облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесінің Департаменті" ММ

8

Шақыру қағаздарын тарату, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

30

"Қарағанды облысы ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ

126

Қосалқы жұмыстар, кәмелетке толмағандар ісі бойынша топқа көмек, номенклатуралық істерді тігу, журналдарды толтыру, кіріс және шығыс құжаттарын тарату

31

Балқаш қалалық прокуратурасы

12

Құжаттарды өңдеу және тіркеу

32

Балқаш аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімі

4

Жұмыстарды атқаруда көмек, құжаттарды реттеу

33

"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

40

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуде қосалқы жұмыстар

34

Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (әрі қарай КМҚК)

4

Мәдени – жалпы шараларды жүргізуге көмек

35

"Жекпе-жек" қалалық спорт клубы" КМҚК

4

Жұмыстарды атқаруда жәрдемдесу, құжаттарды өңдеу

36

"Қоңырат кентінің дәрігерлік амбулаториясы" КМҚК

12

Диспетчерлік жұмыс

37

"Балқаш қаласы қан орталығы" КМҚК

4

Жұмыстарды атқаруда жәрдемдесу, құжаттарды өңдеу

38

"Балқаш қаласы орталық аурухана" КМҚК

8

Жұмыстарды атқаруда жәрдемдесу, құжаттарды өңдеу

39

"Балқаш қаласының N 1 емханасы" КМҚК

4

Жұмыстарды атқаруда көмек, курьерлік жұмыс

40

"Ер Төстік" мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме" КМҚК

4

Жұмыстарды атқаруда көмек, құжаттарды реттеу

41

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалы

12

Мұрағаттық істерді жаңғырту, жәрдемақы және зейнетақы алушыларға шақыру қағаздарын тарату, істерді іріктеп және реттеп қою

42

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы

4

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, құжаттарды өңдеу

43

"Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" ММ

4

Құжаттарды тарату және өңдеу

44

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы

32

Республикалық маңыздағы жолдарды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына көмек көрсету

45

"Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлесігінің Балқаш қалалық филиалы

4

Жұмыс жүргізуде көмек, құжаттарды өңдеу

46

"Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі

68

Әлеуметтік жұмыскерлер,шаруашылықты санитарлық өңдеу


Барлығы

1000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады