Жергілікті мерзiмдi баспасөзге жазылуға бiржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XXXII сессиясының 2010 жылғы 4 қарашадағы N 284 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 қарашада N 8-5-102 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 22 сәуірдегі N 1-24/70 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихаты аппаратының 2011.04.22 N 1-24/70 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджетi туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-5-82, 2009 жылы 31 желтоқсанда N 53 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешiмiне сәйкес, Қаражал қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi, мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдерінің (күйеулерінің) және Ауғанстан аумағында ұрыс әрекетіне қатысқандардың жеке өтініштері бойынша, жергілікті мерзімді баспасөздің біреуіне жазылуға, бiржолғы материалдық көмек көрсету мақұлдансын.
      2. Бiржолғы материалдық көмектi төлеу қалалық бюджет есебiнен тағайындалсын.
      3. Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 208 "Жергiлiктi мерзiмдi баспасөзге жазылуға бiржолғы материалдық көмек көрсету туралы" шешiмiнiң (2010 жылғы 20 қаңтардағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiк тiркеудiң Тiзiмiнде тiркеу нөмірі 8-5-84, 2010 жылғы 16 ақпандағы "Қазыналы өңiр" газетiнiң 7 нөмірінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      5. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      XXХII сессияның төрағасы                   Т. Қасымов

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдiрсiзов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады