Жергілікті мерзiмдi баспасөзге жазылуға бiржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XXIII сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 208 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 8-5-84 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 4 қарашадағы N 284 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2010.11.04 N 284 шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджетi туралы" шешiмiне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, жеке өтініштері бойынша, 2010 жылға жергілікті мерзімді баспасөзге жазылуға, бiржолғы материалдық көмек көрсету мақұлдансын.
      2. Бiржолғы материалдық көмектi төлеу қалалық бюджет есебiнен тағайындалсын.
      3. Қаражал қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 106 "Жергiлiктi мерзiмдi баспасөзге жазылуға бiржолғы материалдық көмек көрсету туралы" шешiмiнiң (2008 жылғы 30 желтоқсандағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiнде тiркеу нөмірі 8-5-62, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазыналы өңiр" газетiнiң 53 нөмiрiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      5. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      XXIII сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдiрсiзов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады