Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2010 жылғы 03 ақпандағы N 290 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда N 8-6-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы N 419 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2011.03.25 N 419 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
      1) жалпы білім беру оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушылары – тегін жүру (2010 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
      2) Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылары – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (2010 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
      3) кәсіби мектептердің, колледждердің оқушылары – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
      2. Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының, кәсіби мектептердің, колледж оқушыларының келесі санаттарына 2010 жылдың жазғы маусымына (2010 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейін) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру сақталсын:
      1) жетім балалар;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
      4) мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек балалар;
      5) көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар;
      6) ата-анасының біреуінен айырылған балалар;
      7) жалғызбасты аналардың балалары.
      3. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау" 6.2.471.012.000 бағдарламасы бойынша қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                С. Имамбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады