Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.02.09 N 03/10 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылдың 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 8-6-77 болып тіркелген және 2009 жылғы 11 ақпандағы "Шарайна" газетінің N 11 (1688) ресми жарияланды), "Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 11/41 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда N 8-6-82 болып тіркелген және 2009 жылғы 19 маусымда "Шарайна" газетінің N 48 (1725) ресми жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған азаматтардың орта айлық төлемінің мөлшері республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.".
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім С.Т. Медебаев