Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 11/41 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда N 8-6-82 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 ақпандағы N 03/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.02.09 N 03/10 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2009 жылдың 6 наурызындағы Ел басының Қазақстан халқына "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" жолдауын орындау шаралары туралы" 2009 жылдың 6 наурызындағы N 264 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына (нормативтік акт 2009 жылдың 5 ақпанда мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 8-6-77 болып тіркелген, 2009 жылдың 11 ақпанда Сатбаев қалалық "Шарайна" газетінің N 11 (1688) жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ келесі мәтінде баяндалсын:
      "3. Әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылған азаматтардың орта айлық төлемінің мөлшері жергілікті бюджет есебінен 15 мың теңге көлемінде бөліну бекітілсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады