Саран қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практика ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы N 01/01 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 маусымда N 8-7-107 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы N 11/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012.03.29 N 11/02 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 259 қаулысына сәйкес, жұмыссыз жастарды – жоғары оқу орындарының (бұдан әрі ЖОО), колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мақсатында Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі - уәкілетті органға (Тұнғышбаева К.О.) (бұдан әрі жұмыспен қамту бөлімі):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген ЖОО, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерінің арасында Жастар практикасын өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыздарға кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесі шеңберінде дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарт жасасын.
      2. "Жастар практикасына" қабылданған тұлғалар үшін бюджет есебінен 20 000 теңге көлемінде ай сайынғы төлемнің көлемі белгіленсін.
      3. Саран қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда (N 8-7-87) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 26 маусымда N 26 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы "Саран қаласының түлектері үшін Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" N 154 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі                      В. Иванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады