Саран қаласының түлектері үшін Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 04 маусымдағы N 154 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда N 8-7-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы N 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010.05.27 N 01/01 (бірінші ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – жоғары оқу орындарының (бұдан әрі ЖОО), колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мақсатында Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі уәкілетті органға (Тұнғышбаева К.О.) (бұдан әрі жұмыспен қамту бөлімі):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген ЖОО, колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектерінің арасында Жастар практикасын өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби практикасын ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалсын.
      2. "Жастар практикасына" қабылданған тұлғалар үшін бюджет есебінен 15000 көлемінде айлық төлемнің көлемі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласының әкімінің орынбасарлары М.Е Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енеді және 2009 жылғы 1 шілдеде туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады