Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 28/05 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 04/27 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 сәуірде N 8-9-78 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.12.14 N 28/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан мекемелерінен келіп түскен өтінімдерге орай, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 28/05 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-69 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтарда N 1-2 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Аудан әкімі                                Т. Алтынбеков

Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 наурыздағы
N 04/27 қаулысына
қосымша

2010 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Абай ауданы әкімдігінің "Жігер-2004" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

317

Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту және басқа жұмыстар.

Пәтер иелерінің кооперативтері

12

Үйлерді қысқы жылыту кезеңіне дайындау және басқа жұмыстар.

Аудан, қала, ауыл, кент әкімдерінің аппараттары

134

Санитарлық тазарту және көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту. Қосалқы, жөндеу-құрылыстық жұмыстары, салық жинауға, малды түгендеу бойынша жұмыстарды өткізуге, статистикалық сауалнамалар өткізуге, халықтың аз қамтылған қабаттарына атаулы әлеуметтік көмекке және мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжаттарды жинауға көмектесу және басқа жұмыстар.

Абай ауданының қаржы бөлімі, Абай ауданының қазынашылық басқармасы, Абай ауданының жер қатынастары бөлімі

6

Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар.

Абай ауданының денсаулық сақтау мекемелері (Топар кентінің аудандық медициналық бірлестігі, Абай қаласының орталық қалалық ауруханасы, "Абай қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны)

9

Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, аумақтарды көркейту және басқа жұмыстар.

Абай ауданының мәдениет мекемелері (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бос уақытын өткізу орталығы, "Абай Құнанбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Абай ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі)

15

Жылыту кезеңіндегі қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Жылыту кезеңінде қосалқы жұмыстар. Мәдени іс-шаралар өткізу және басқа жұмыстар.

Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері (Абай ауданы бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы)

12

Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету, мұрағат құжаттарын өңдеу, халықтың аз қамтылған қабаттарына атаулы әлеуметтік көмекке және мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжаттарды жинауға көмектесу. Курьерлік және басқа жұмыстар.

Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім

10

Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу кезінде құжаттандыруға және шақыру қағаздарын таратуға көмектесу және басқа жұмыстар.

Абай аудандық ішкі істер басқармасы, Абай аудандық прокуратурасы, Абай аудандық әділет басқармасы, Абай аудандық соттары, сот орындаушыларының аумақтық бөлімдері, Қылмыстық-атқару жүйесін бақылау басқармасы

60

Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықты құжаттандыруға көмектесу. Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар.

Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

3

Халықты өрт қауіпсіздігі білімдеріне оқыту және басқа жұмыстар.

Абай ауданының статистика бөлімі

3

Жеке кәсіпорындардың конъюнктурлық зерттеулеріне көмектесу, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар.

Абай ауданы бойынша салық басқармасы

10

Халықтан салық жинауға көмектесу. Есеп кампаниясын өткізуге көмектесу және басқа жұмыстар.

Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімі

2

Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар.

Абай ауданының ішкі саясат бөлімі

1

Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар.

Құрылыс бөлімі, Абай ауданының архитектура және қала құрылысы бөлімі

2

Абай ауданының алаңдарын, саябақ, көшелерін дизайнерлік ресімдеу, Архикад, Автокад компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істеу және басқа жұмыстар.

Абай ауданының мұрағаты, Абай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Абай аудандық филиалы, Абай ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі

4

Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар.

Барлығы

600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады