Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.04.25 N 1-1/105 хатымен).
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы 18 сессиясының "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлгендерге бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" N 191 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 8-10-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы "Тоқырауын тынысы" газетінің N 51-52 (7218) жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
бесінші абзацтағы "5000" сандары "10000" сандарына ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "5000" сандары "10000" сандарына ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "2000" сандары "5000" сандарына ауыстырылсын.
2. Жоғарыдағы санаттардағы азаматтарға материалдық көмек көрсету барысында бекітілген мөлшерлемені қатаң сақтау Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) міндеттелсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Әміре
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Түсіпбеков