Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлгендерге бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 191 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 8-10-95 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 405 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 405 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі Заңының 20-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлы жеңістің 65-жылдығына орай төмендегі санаттарға:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - 50000 теңгеден;

      Ауғанстанда интернационалдық борышын өтегендерге - 5000 теңгеден;

      Бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) әскерінің мүгедектеріне - 5000 теңгеден;

      Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбiт уақытта қайтыс болғандардың отбасыларына - 10000 теңгеден;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кәмілеттік жасқа толмаған фашистік концлагерлерде болғандарға - 10000 теңгеден;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек жасағандарға - 5000 теңгеден.

      Бір жолғы материалдық көмек көрсету жоғарыдағыға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010.03.31 N 223 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      2. Жоғарыдағы санаттардағы азаматтарға материалдық көмек көрсету барысында бекітілген мөлшерлемені қатаң сақтау Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) міндеттелсін.

      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ә. Әлжанов

Аудандық мәслихат


хатшысы

М. Оңғарқұлов

КЕЛІСІЛДІ


Ақтоғай ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімінің бастығы

А. Түсіпбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады