1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 03/08 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 8-10-114 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 06/21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010.04.30 N 06/21 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы,"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына (әрі қарай заң) сәйкес 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру үшін Заңның 17 бабының 5-тармағына сәйкес құрамда әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:

      Бекмагамбетов                       - комиссия төрағасы,
      Болат Абдикешович                     Балқаш қаласының
                                            қорғаныс істері жөніндегі
                                            біріктірілген
                                            бөлімінің бастығы

      Абеуова                             - комиссия төрағасының
      Салтанат Мірәсілқызы                  орынбасары, Ақтоғай
                                            ауданы әкімінің
                                            орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Цхай                                - Балқаш қаласының
      Дмитрий Генадиевич                    қорғаныс істері жөніндегі
                                            біріктірілген бөлімінің
                                            әскерге шақыру және
                                            шартты әскери қызмет
                                            бөлімінің бастығы

      Мұхаметбеков                        - Ақтоғай ауданының ішкі
      Нұрлан Амандыкович                    істер бөлімінің
                                            бастығының орынбасары

      Мұқашев                             - Ақтоғай аудандық
      Жанат Аманжолович                     медициналық
                                            бірлестігінің бас
                                            терапевт дәрігері,
                                            дәрігерлік комиссияның
                                            төрағасы

      Мукашбекова                         - комиссия хатшысы, Ақтоғай
      Панар Саматовна                       аудандық медициналық
                                            бірлестігінің медбибісі.
      2. Ауданның кент, селолық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан басқа да ұжым басшылары 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын 1983-1992 жылдары туылған барлық азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің тізімдері және кестесі бойынша әскерге шақыру жиын учаскелеріне дәрігерлік сараптамадан және жедел әскери қызметке шақыру комиссиясынан өту үшін ұйымшылдықпен міндетті келуін, 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1983-1992 жылдары туылған барлық азаматтарды Заңның 19 бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті демалыстан шақырып алуға оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне уақытылы міндетті келуін қамтамасыз етсін. Сонымен бірге оларды мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерге шақыру жиын учаскесіне дейін жедел әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      3. 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруға байланысты Заңның 44 бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:
      1) ауданның әскерге шақыру жиын учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу, жөндеу) коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлік бөлінсін;
      2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Ш. Естеков) 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін, әскерге шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен, техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін және азаматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін.Сонымен бірге флюорографияға, ЭКГ-ға түсіру үздіксіз жұмыс істесін;
      3) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу мерзіміне, яғни 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына дейін ақы төленетін қоғамдық жұмысқа тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.
      4. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелгабдин) Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға комиссиядан өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2010 жылғы бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
      5. Ауданның ішкі істер бөлімі (С.А. Тұрлыбеков - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3-тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген жедел әскерге шақырылушыларды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын учаскелеріне жиналу, апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      6. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа ұжым, қоғам басшыларына және кент, селолық округтердің әкімдеріне Заңның 18, 19, 44 бабтарына сәйкес 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.
      7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 2010 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырудың өткені жөніндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2010 жылдың 15-шілдесіне және 25-желтоқсанына ұсынсын.
      8. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 04/06 қаулысының (Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 05 мамырында N 8-10-81 тіркелген, аудандық жұма cайынғы "Тоқырауын тынысы" газетінде 2009 жылдың 8 мамырындағы N 18 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Абеуоваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі                    Г.И. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      С.А. Тұрлыбеков
      19.03.2010 ж.

      Балқаш қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
      Б.А. Бекмагамбетов
      19.03.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады