Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бір әкімшілік–аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілері үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасына (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын. (келісім бойынша)
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлеубергеновке жүктелсін. (келісім бойынша)
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Жақыпбаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | М. Оңғарқұлов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Ақтоғай ауданы бойынша салық | |
басқармасының бастығы | Қ. Болғанбаев |
06.10.2010 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 06 қазандағы кезекті 26 сессиясының N 252 шешіміне қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
реті | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері /айлық есептік көрсеткіш/ |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 4 |