Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Кежек селолық округі әкімінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда N 8-10-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Кежек селолық округі тұрғындарының Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1-жиналыс хаттамасына және 1-6 ұйғарымына сәйкес Кежек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Кежек селолық округіндегі көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
      N 1 көшесі - Нұра көшесі деп;
      N 2 көшесі – Бейбітшілік көшесі деп;
      N 3 көшесі - Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кежек селолық
      округінің әкімі                            А. Садуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады