Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 2-тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 14 қазандағы отырысындағы N 1 ұйғарымы негізінде ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. Нүркен селолық округіне қарасты Ақсеңгір елді мекені - Жантөбетұлы Машақ елді мекені деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Нүркен селолық
округінің әкімі А. Жармағанбетов