Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нүркен селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 ақпанда N 8-10-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Нүркен селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 ақпандағы N 011, 012, 013 хаттамаларына және аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 23 маусымындағы N 1/4 ұйғарымына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақсеңгір елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Жасыл ел" көшесі деп;
      Жалаңтөс елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Ақ бидай" көшесі деп;
      Жидебай елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Бірлік" көшесі деп;
      Қаратал елді мекеніндегі N 1 көшесі - "М. Шоқай" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Нүркен селолық
      округінің әкімі                            А. Жармағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады