Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шабанбай би селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 сәуірде N 8-10-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Шабанбай би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 9-10-11 жиналыс хаттамасы, және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Шабанбай би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Өндіріс елді мекеніндегі:
      атауы жоқ көшеге – Қасабай көшесі атауы;
      2. Бегазы елді мекеніндегі:
      атауы жоқ көшеге – Қаратал көшесі атауы;
      3. Сона елді мекеніндегі:
      атауы жоқ көшеге – Құлжа көшесі атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шабанбай би селолық округінің әкімі        С. Әділбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады