Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2011.12.15 N 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін жүргізілсін.
2. Селолық, ауылдық округтердің, селолар мен кенттердің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары (Асхат Сағадиұлы Әли) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
4. 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
5. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 1 "1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (тіркеу нөмірі 8-11-89, аудандық "Сарыарқа" N 8 газетінде 2010 жылғы 27 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш. Мамалинов