1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 8-11-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтарынан наурызы аралығында жүргізілсін.
      2. Ауданның селолық және ауылдық округтердің, селолар мен кенттердің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары (Асхат Сағадиұлы Әли) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
      4. 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
      5. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 7 "1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-11-105 болып тіркелген, аудандық "Сарыарқа" № 51 газетінде 2010 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады