2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы N 35/03 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 желтоқсанда N 8-11-106 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011.11.29 N 34/06 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (N 1 қосымша).
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (N 2 қосымша).
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Салтанат Қалиқызы Аймағамбетова) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
      1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
      6. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/04 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-87, аудандық "Сарыарқа" N 7 газетінде 2010 жылғы 20 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 7 қараша
N 35/03 қаулысына
N 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      6. "Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      9. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
      12. Бұқар жырау ауданының селолар, селолық, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері.
      13. "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      14. "Бұқар жырау аудандық қылмыстық атқару жүйесі" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 7 қараша
N 35/03 қаулысына
N 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

      1. Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету - сомасы 1440,6 мың теңге.
      2. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру – сомасы 812,5 мың теңге.
      3. Зейнетақыны және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 172,1 мың теңге.
      4. Жастар және жасөспірімдер арасында жұмыс ұйымдастыру - сомасы 172,1 мың теңге.
      5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу - сомасы 1204,2 мың теңге.
      6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу – сомасы 172,1 мың теңге.
      7. Құжаттарды көбейту және тарату, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізу, құжаттарды жөндеуді жүзеге асыру - сомасы 860,0 мың теңге.
      8. Көлік жабдықтарын тіркеу картотекасын енгізу, құжаттандыру номенклатурасын жинау - сомасы 172,1 мың теңге.
      9. Құжаттарды жөндеу, электрондық базаны енгізу - сомасы 172,1 мың теңге.
      10. Қадастрлық материалдарды қалыптастыру - сомасы 172,1 мың теңге.
      11. Мұрағаттық құжаттарды жөндеу - сомасы 344,0 мың теңге.
      12. Құжаттандыру жұмысына көмектесу - сомасы 172,1 мың теңге.
      13. Спорт бойынша методист – сомасы 3096,5 мың теңге.
      14. Мәдени және спорттық іс-шараларын өткізу бойынша жастармен жұмыс - сомасы 3096,1 мың теңге.
      15. Кент және селоларды көгалдандыру – сомасы 3720,4 мың теңге.
      16. Шақыру қағаздарын жеткізу, Қарулы Күштер тізіміне шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізу - сомасы 344,0 мың теңге.
      17. Әділет органдарында құжаттарды жөндеу бойынша жұмыс жүргізу - сомасы 1032,8 мың теңге.
      18. Диспетчерлік қызмет - сомасы 688,1 мың теңге.
      19. Электрондық базасын жүргізу, техникалық өңдеу - сомасы 172,1 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады