"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылғы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Курбанов |
Мәслихат хатшысы | А. Жүніспеков |
КЕЛІСІЛДІ | |
Бұқар жырау ауданы экономика және бюджеттік | |
жоспарлау бөлімі бастығының міндетін атқарушы | |
А.М. Нуркенова |
2010 жылғы 23 желтоқсан