Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011.11.22 N 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына орай және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2010 жылғы 9 қарашадағы N 1363 ұсынысын қарай келе Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1994 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2011 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
2. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы" N 1 шешімінің (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 8-12-65 тіркеу нөмерімен Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанында "Жаңаарқа" газетінде N 8-9 (9366) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі С. Оспанов