Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қаңтарда N 8-12-65 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2010.12.06 N 1 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына орай және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 1180 ұсынысын қарай келе Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1993 жылы тұған азаматтарды Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
      2. Аудандағы мекемелерде, кәсіпорындарында, ұйымдарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін, Ф-2 құжаттарын 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін сұратып алу Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Сағадат Құанышбекұлы Қасымовқа тапсырылсын.
      3. Аудандық медициналық бірлестігіне (Жаныл Жамантікқызы Қожабековаға - келісімі бойынша):
      1) Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті санда дәрігерлер бөлу;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде аудандық медициналық мекемелерге қосымша бақылау жүргізу үшін төсек орнын қарастарып, тиісті актілерін толтыру;
      3) аудандық медициналық мекемелер арқылы 2010 жылдың қаңтар- наурыз айлары аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспары және есептеуі бойынша барлық тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық зерттеуден өткізу мақсатында жылжымалы флюорографиялық көлік аппаратымен қамтамасыз ету;
      4) тіркеу мерзімінде тістерін емдеуді қажет ететін азаматтарды сауықтандыру;
      5) дәрігерлік комиссияны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
      6) әскерге шақыру учаскесіне тіркелу кезінде, емделуді қажет ететін азаматтарды тізім бойынша аудандық медицина бірлестігі мекемесіне бекітіп, негізгі әскерге шақыру уақыты мерзіміне дейін емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Кент және селолық округтердің әкімдеріне, барлық ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар басшыларына, аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөліміне, кәсіптік мектеп директорына:
      1) Атасу кентінде тіркеуге жататын азаматтарға шақыру қағазы беріліп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кесте бойынша белгілеген күндері әскерге шақыру учаскесіндегі комиссияға жеткізу;
      2) кент және селолық округтеріндегі мектеп директорлары жергілікті жерлерінде тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін әр дәрігер мамандарына жұмыс бөлмелерін қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберу алдында қажетті құжаттардың толықтылығын тексеру;
      4) тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін оқудан босату тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұлан Шәкірұлы Қасымовқа - келісімі бойынша) азаматтарды шақыру пунктіне тасымалдау кезінде төтенше жағдай болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44-і бабына сәйкес азаматтардың тіркеу комиссиясына келуін ұйымдастыру және бақылау мақсатында төменде көрсетілген құрамында іздеу тобы құрылсын:

      Танкебаев Бекмурат – іздеу тобының бастығы, қорғаныс
      Камалович            істері жөніндегі бөлімінің
                           орынбасары

      Қасымов Жағыпар    – аудандық ішкі істер бөлімінің
      Фазылұлы             қылмыстық іздестіру бөлімінің
                           бастығы, іздеу тобының мүшесі

      және осы Заңның 17 бабының 6 тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

      Қасымов Сағадат    – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
      Қуанышбекұлы         бастығы, комиссия төрағасы

      Жандаулетов Марат  – аудан әкімінің орынбасары, комиссия
      Жандаулетұлы         төрағасының орынбасары

      Абжанов Жайма      – Жаңаарқа ауданының ішкі істер
      Үмбетжанұлы          бөлім бастығының орынбасары

      Жақаева Манара     – аудандық медициналық бірлестігінің
      Жарылгасынқызы       медбибісі, комиссия хатшысы

Мүшелері:

      Майшин Талғат Абетбайұлы                – дәрігер хирург
      Сейфулғазина Еркін                      – медбибі-окулист
      Оралбаева Аян Даулетбайқызы             – дәрігер-неврапатолог
      Оралбаева Аян Даулетбайқызы             – дәрігер-психиатр
      Бурштейн Борис Ефимович                 – дәрігер стоматолог
      Мәдиев Жұлдыз Балтабекұлы               – дәрігер отоларинголог
      Мусаметов Вахиджан Фархадбекович        – дәрігер дерматолог
      Қалжанова Замзагуль Бағдатқызы          – дәрігер-терапевт
      Асқарова Рыскул                         – медбибі

      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды дәрігерлік байқаудан ұйымшылдықпен өткізу үшін Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға техникалық қызметкерлердің жұмысын атқару үшін қоғамдық жұмыскерлермен қамтамасыз етсін.
      8. Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Жетпісбай Қырғызбайұлы Жетібаевқа жастарды әскерге шақыру алдында дене шынықтыру және патриоттық тәрбиелеуі, оларды қажетті әскери білім және тәжірибелік дағды алуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Аманкелды Жылқыбайұлы Жылқыбаевқа:
      1) Азаматтарды әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралардың негізінде дәрігерлік сараптамадан өтуіне;
      2) кент және селолық округтеріндегі тіркеуден өтетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін автокөлікпен баруға;
      3) дәрігерлік комиссия құрамына және кеңсе тауарларына жеткілікті қаржы бөлу жүктелсін.
      10. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени-көпшілік шаралары бекітілсін (қосымшада көрсетілген).
      11. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Сағадат Құанышбекұлы Қасымовқа Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіндегі қорытындысы жөніндегі ақпаратты аудан әкіміне 2010 жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынсын.
      12. Жаңаарқа ауданы әкімінің 11 желтоқсан 2008 жылғы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 01 шешімінің (Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 30 желтоқсан 2008 жылы N 8-12-48 тіркелген, 8 қаңтар 2009 жылғы N 3-5 (9300) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      13. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      14. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.

      Жаңаарқа ауданының әкімі                   Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      С.Қ. Қасымов

      Аудандық медициналық
      бірлестігінің директоры
      Ж. Қожабекова (келісімі бойынша)

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      Ұ. Қасымов (келісімі бойынша)

      "Аудандық білім беру, дене шынықтыру
      және спорт бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ж. Жетібаев

      "Аудандық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Жылқыбаев

      "Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш. Ибраева

Жаңаарқа ауданы әкімінің
30 желтоқсан 2009 жылғы
N 1 шешіміне
қосымша

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени-көпшілік шаралары

Рет саны

Атқарылатын Іс-шаралар

Өткізілетін мерзімі

Жауапты адамдар

1.

Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу

Сағат 9.00-17.00 дейін

Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А. Биғарашев

2.

«Отанды қорғау – Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу

Сағат 10.00-10.50 дейін

С. Қасымов - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы

3.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әнгіме өткізу

Сағат 11.00-11.50 дейін

М. Жандаулетов – аудан әкімінің орынбасары

4.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мәнінде түсінік беру

Сағат 12.00-12.50 дейін

Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А. Биғарашев

5.

Түскі үзіліс

Сағат 13.00-14.00 дейін


6.

Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін қандай құжаттар керектігі туралы әңгіме өткізу

Сағат 14.00-16.50 дейін

Дәрігерлер құрамы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы

7.

Бір күндік жұмыстың қорытындысы және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру

Сағат 17.00-18.00 дейін

Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы - А. Биғарашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады