Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен селолық округі әкімінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте N 8-12-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауыл тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Түгіскен селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Түгіскен селолық округіндегі Түгіскен ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге Балмағанбет Аймуханов;
      2-ші көшеге Ыдырыс Жумабеков;
      3-ші көшеге Жанайдар Садуақасов;
      4-ші көшеге Аманкелді Дәулетбеков;
      5-ші көшеге Сатан Ысқақов;
      6-шы көшеге Еркебұлан Мақажанов.
      2. Түгіскен селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы С. Жалмағанбетова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуде өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімі                                 С. Балдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады