Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Ералиев селолық округінің Ералиев ауылы тұрғындарының 23 қараша 2010 жылғы Ералиев ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі жиналысының N 12 хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ералиев селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ералиев селолық округіндегі Ералиев ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге – Шығыс көшесі;
2-ші көшеге – Ш. Ералиев көшесі;
3-ші көшеге – Жастар көшесі;
4-ші көшеге – Орталық көшесі;
5-ші көшеге – О. Әлібаев көшесі;
6-шы көшеге – Төребұтақ өзен көшесі;
7-ші көшеге – Тәуелсіздік көшесі;
8-ші көшеге – Батыс көшесі;
9-шы көшеге – Мектеп көшесі.
2. Ералиев селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Г. Смагулова Ералиев ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.
Село әкімі М. Әзбаев