Бидайық селолық округінің Бидайық, Ақтайлақ, Қарамола, 69 рзд елді мекендерінің көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Бидайық селолық округі әкімінің 2010 жылғы 16 тамыздағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 қыркүйекте N 8-12-83 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Бидайық селолық округі тұрғындарының 2010 жылғы 03 наурыздағы Бидайық селолық округінің көшелерін ретке келтіру және олардың атауын өзгерту жөніндегі жиналысының N 1, 2, 3, 4 хаттамалары мен Жаңаарқа ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Бидайық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бидайық селолық округіндегі Бидайық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге — Тың;
      2-ші көшеге - Орталық;
      3-ші көшеге — Жеңіс;
      4-ші көшеге - Бейбітшілік;
      5-ші көшеге - Достық;
      6-шы көшеге - Тәуелсіздік.
      2. Бидайық селолық округіне қарасты Ақтайлақ ауылындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге - Орталық;
      2-ші көшеге - Ұландар;
      3-ші көшеге — Болашақ;
      4-ші көшеге - Сарысу.
      3. Бидайық селолық округіне қарасты Қарамола ауылындағы көшелерге төмендегі атаулар берілсін:
      1-ші көшеге - Сарысу.
      4. Бидайық селолық округіне қарасты 69 рзд елді мекеніндегі көшелерге төмендегі атаулар берілсін:
      1-ші көшеге — Темір жол;
      2-ші көшеге - Еңбекшілер.
      5. Бидайық селолық округі әкім аппаратының жетекші маманы Г. Мұқашева Бидайық, Ақтайлақ, Қарамола, 69 рзд елді мекендерінің көшелеріне атау берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      6. Осы шешімінің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Село әкімі                                 С. Баязитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады