Айнабұлақ селолық округінің Айнабұлақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 8-12-92 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармақшасына сәйкес, Айнабұлақ селолық округінің Айнабұлақ ауыл тұрғындарының 20 ақпандағы 2010 жылғы жиынында Айнабұлақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Айнабұлақ селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Айнабұлақ селолық округіндегі Айнабұлақ ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге Орталық көшесі;
      2-ші көшеге Бірлік көшесі;
      3-ші көшеге Достық көшесі;
      4-ші көшеге Бейбітшілік көшесі.
      2. Айнабұлақ селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы З. Қоңырова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Село әкімі                                 М. Адикамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады