Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Атасу кенті, ДЭУ-37 көшесі тұрғындарының 2010 жылғы 04 мамырдағы ДЭУ-37 көшесінің атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымын қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі ДЭУ-37 көшесі бұдан былай "Еңбек Қызыл Ту" ордені иегері, Жаңаарқа өңіріне еңбегі сіңген Үмбетжан Абжановтың есімімен аталсын.
2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Е. Жаппаркулов көшенің өзгертілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлына жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.
Әкім Р. Тусупов