Атасу кентіндегі ДЭУ-43 көшесіне Қоңырбай Асановтың атын беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кенті әкімінің 2010 жылғы 4 тамыздағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамызда N 8-12-78 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Атасу кенті, ДЭУ-43 көшесі тұрғындарының 2010 жылғы 05 шілдедегі ДЭУ-43 көшесінің атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымын қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі ДЭУ-43 көшесі бұдан былай "Еңбек Қызыл Ту" ордені иегері, Жаңаарқа өңіріне еңбегі сіңген Қоңырбай Асановтың есімімен аталсын.
       2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Жаппарқұлов Ертуған Қанатұлына көшенің өзгертілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
       3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлына жүктелсін.
       4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Кент әкімі                                 Р. Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады