2011 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 311 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда N 8-14-137 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXVI сессиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы N 350 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.06.22 N 350 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қазпочта" АҚ арқылы банктік операциялар түрлеріне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қаралған әлеуметтік төлемақылардың тиісті сомаларын, аудан азаматтарының келесі аталған жекелеген категорияларына төленсін:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, әлеуметтік көмек төлемі Нұра ауданының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
      2) бұрыңғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқыны болғандарға;
      3) Ленинград қаласында блокада кезінде сол жерде жұмыс істеп және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Блокадалық Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері және медалдарімен марапатталған тұлғаларға;
      Балаларды қорғау күніне:
      5) мүгедек балаларға, төлемақы Нұра ауданының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
      6) Ұлы Отан соғысына қатысқандары және мүгедектеріне от жағатын мезгілде коммуналдық қызмет ақысына, электрқуатына, қатты отынына;
      7) мүгедектер және қарттар күніне - оның ішінде 80 жасқа толғандарға және бірінші топтағы мүгедектерге;
      8) газетке жазылу – ұлы соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге;
      9) кент және ауылдардың аз қамтылған азаматтарына егер орташа жандық табысы күн көріс деңгейінен төмен немесе кейбір орын алған жағдайларға байланысты шұғыл қолдауға мұқтаж болғанда;
      10) кент және ауыл отбасылардың (азаматтарының) орташа жандық табысы күн көріс деңгейінен жоғары болғанда, айрықша жағдайларда - өрт, денсаулыққа қауыпты жағдайда, жол апаты және басқа кездейсоқ жағдайларда әлеуметтік төлемақы алу құқығы бар;
      11) құжаттарды рәсімдеуге.
      2. Әлеуметтік көмектің төлемақысы осы шешімнің 1 тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), тармақшаларында аталған категорияларына Нұра ауданының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ұсынған тізімдері негізінде жүргізілсін.
      3. Осы шешімнің 1 тармағы 8), 9), 10), 11) тармақшаларында аталған категорияларына әлеуметтік көмек төлемақысы келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге жазбаша түрдегі өтініш;
      2) өтінушінің растайтын құжаттарының көшірмелері, СТН;
      3) емдеу мекемесінің емделу қажеттілігі туралы анықтамасы;
      4) өрт туралы акт;
      5) кірістерінің түрі көрсетілген материалдық-тұрмыстық жағдайды тексеру актісі және кент немесе ауыл әкімінің ұсыныcы.
      4. "2010 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының N 237 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2010 жылы 18 қаңтарда N 8-14-113 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылы 23 қаңтарда N 4 (5140) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Кұрманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады