Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасының және 20 бабының 5 тармағы 2 тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2011 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.И. Плотникова):
1) қоғамдық жұмыстар өткізу үшін аудандық бюджетте 2011 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
2) қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде ұйымдармен шарт жасаған кезде әрі қарай жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін ескерсін;
3) қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысын төменгі айлық еңбекақы есебі мен атқарған жұмыс уақытына сәйкес жұмыссыздар есепшотына қаржы аудару жолымен төленсін.
3. Осакаров ауданының қаржы бөлімі (С.Ж. Ыдырысов) қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу ақшалай қаражатты уақытылы бөлуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Әбдікеров
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 17 қарашадағы
N 30/03 қаулысына қосымша
2011 жылға жұмыссыз азаматтарға ұйымдастырылатын
қоғамдық жұмыстардың түрі мен көлемі, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің, тізбесі.
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2011.05.16 N 11/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Ұйымдар және мекемелердің атауы |
Адам саны |
Ұсынылатын жұмыстар және қызмет түрлері |
ҚЖ қатысу мерзімі (ай) |
Жұмыс көлемі |
1 |
Кенттер мен селолық округ әкімдерінің аппараттары |
355 |
Тұрғындардың үйлерін аралау, селолық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс; |
1-6 |
9325 тұрғын үй |
ТҮКШ ұйымдарына елді мекендерге, бейттер аумағын жинауға көмек көрсету; |
0,5-1 |
||||
жол салу және жөндеу, су коммуникациясын жөндеу, мелиорация жұмысын өткізу; |
1-3 |
200 км |
|||
үй құрылысына және әлеуметтік мәдени объектілерге жүктелген күрделі жөндеу жұмысына қатысу; |
1-3 |
24 объект |
|||
ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру; |
0,5 |
8 ескерткіш |
|||
Аумақты экологиялық сауықтыру («Жасыл ел», «Ағаш отырғызу»); |
0,5 |
1500 дана |
|||
мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету; |
1 |
77 адам |
|||
қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық қоғамдық компанияларға көмек көрсету; |
1-6 |
||||
жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету; |
0,5-1 |
||||
«Мейірімді бибі», «Құрылыс бригадалары», «Аула клубы», «Түлек», «Ұстаз-тәрбиеші» бағдарламаларына қатысу; |
1-11 |
||||
медициналық, тігін және шаштараз басқа да қызметтер (жәрдем беруге арналған асхана) көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтардың жұмысын жалғастыру. |
1-11 |
22 пункт |
|||
ҚР зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңдарын түсіндіру жөніндегі кеңес беру пункттерін ұйымдастыруға қатысу. |
|||||
2 |
Мәдени сауықтыру орталығы |
4 |
Демалыс және мәдениет орталық паркінің аумағын жинау, ағаш егу, көркейту. |
2 |
7 га 1407 дана |
3 |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі. |
6 |
Осакаровка кентінде медициналық, тігін және шаштараз қызметтер көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтың жұмысы. |
1-11 |
2000 адам |
6 |
мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету; |
2 |
|||
8 |
қарттар үйіне және жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету; |
74 адам |
|||
2 |
әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық - тұрмыстық актісін жасау, құжаттар тігу, істер қалыптастыру. |
58 аула 58 акт 58 іс |
|||
4 |
Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі. |
9 |
Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу шақыру қағазын тарату). |
3 |
3500 дана 8500 дана |
5 |
Осакаров ауданы бойынша салық комитеті |
18 |
Тұрғындармен жұмыс жасау: жерге, көлікке, мүлікке салық төлеу жөніндегі ресми қолхаттарды жазбаша хабарландыруларды жеткізу. |
3 |
5000 дана 3000 дана 10000 дана |
6 |
Прокуратура |
2 |
Мұрағат құжаттар мен тізімдерді тігу және құрастыру, 2009 жылғы өкімдерді қалыптастыру, оларды тігу. Мұрағат құжаттарын өндеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру. |
2 |
2000 дана |
7 |
Әділет басқармасы |
20 |
Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша іздеу салу. |
2 |
18000 дана 4560 тұрғын үй 3000 сұрау |
8 |
Зейнетақы және жәрдем төлейтін мемлекеттік орталығы |
4 |
Ұзақ мерзімде және ағымдағы сақталатын мұрағаттық зейнетақы және жеке істерін өңдеу және көшіру. |
3 |
13983 іс |
9 |
Қарағанды облысының соттар әкімшісі сот орындаушыларының Осакаров аумақтық учаскесі |
4 |
Мұрағат құжаттарын өңдеу, хабарландыруларды жеткізу. |
3 |
1200 іс |
10 |
Осакаров ауданының кітапханасы |
4 |
Кітап қорын тексеруге көмек көрсету. |
2 |
800 ш.м 45000 экз. |
11 |
Осакаровка филиалының «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК |
2 |
Инвентарлық істерді өңдеу және таратып салу. |
3 |
6000 дана |
12 |
Осакаров аудан әкімінің аппараты |
10 |
«Ұстаз-тәрбиеші» бағдарламасына қатысу (жастардың арасында СӨС насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу); |
3 |
120 іс |
мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу. |
2000 дана |
||||
13 |
Осакаров аудандық статистика бөлімі |
2 |
қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық қоғамдық компанияларға көмек көрсету; |
3 |
2012 тұрғын үй |
мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, 2009 жылға құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу. |
2150 дана |
||||
14 |
Жер қатынастары бөлімі |
2 |
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу. |
3 |
2000 дана |
15 |
Ішкі істер бөлімі |
10 |
Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықты бұзуды алдын алу. |
3 |
4000 дана |
мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу; |
4000 дана |
||||
қоғамдық тәртіп күзеті. |
|||||
16 |
Балаларға қосымша білім беру орталығы |
2 |
Ескерткіш аймағын көркейту. |
1 |
|
17 |
Осакаров ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автокөлік жолдары бөлімі |
2 |
мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу. |
3 |
2000 дана |
18 |
Ауылшаруашылық бөлімі |
2 |
мұрағат құжаттары мен тізімдерін тігу және құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу. |
3 |
1500 дана |
19 |
Осакаров ауданының соты |
3 |
мұрағат құжаттарын өндеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру. |
3 |
1500 іс |
20 |
Осакаров ауданының № 2 соты |
3 |
шақыру қағаздарын жеткізу; |
2 |
|
мұрағат құжаттарын өндеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру. |
1500 іс |