Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 30 шілдедегі "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 255 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 300 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 31 желтоқсанда N 8-15-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Осакаров аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі 33 сессиясының "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 255 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-15-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қыркүйектегі "Сельский труженик" газетінің N 39 (7211) санында жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
      1) Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесінің преамбуласында (әрі қарай – Ереже) мемлекеттік тілде "Осакаров ауданының" деген сөзінен соң "аз қамтылған" деген сөзімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тіліндегі преамбуласында "порядок предоставления" деген сөзінен соң "малообеспеченному" деген сөзімен толықтырылсын;
      2) Ереженің мемлекеттік тілінде 1 пунктте "Тұрғын үй көмегі келесі" деген сөзінен соң "аз қамтылған" деген сөзімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тілінде 1 пунктте "Жилищная помощь предоставляется" деген сөзінен соң "малообеспеченным" деген сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың әлеуметтік қорғауы мен әлеуметтік - мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы - Врона Елена Марьяновна).
      3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Саққұлақов

      Келісілді:

      Мемлекеттік мекеме
     "Осакаров ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің" бастығы                         Н. Плотникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады