Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011.04.07 N 4-2/187 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес және Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1993 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
2. Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының қызметін уақытша атқарушы Е. Уткельбаевқа:
1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Әбдіғалиев