Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 ақпандағы N 02/11 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда N 8-16-54 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ұлытау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Б. Әбдіғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ұлытау аудандық
      мәслихатының хатшысы
      Т. Сейтжанов

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
N 02/11 қаулысына
қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекемелердің және қазынашылық кәсіпорындардың басшылары және шаруашылық жөніндегі меңгерушісі мен орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшысы мен орынбасарлары;
      2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: әдіскер, суретші, кітапханашы, барлық мамандық инженерлері, барлық атаулардың техниктері, аудармашы, билет бақылаушысы, кассир, бағдарламашы бухгалтер, экономист, хатшы, кадр бөлімінің инспекторы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорынның және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, директор (меңгеруші), филиал, бөлім, бөлімде орталық, лагер, кабинет, пункт, кітапхана, кәсіби практика, шеберхана, зертхана, жатақхана, интернат пен комбинаттың басшылары;
      1) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлер мен мұғалімдер, медбике, фельдшер, кітапханашы, мұрағатшы, тәрбиеші, тәлімгер, барлық мамандық инженері, барлық атаулар техниктері, жаттықтырушы, дене шынықтырушы, еңбек, жүзу нұсқаушысы, әдіскер, мастер, оқытушы, аудармашы, мәдени ұйымдастырушы, би үйретуші, бухгалтер, экономист, іс жүргізуші, кадрлар бөлімінің инспекторы, комендант, зертханашы, әдіскер, механик, алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы, хатшы-машинист, оқу ісі жөніндегі хатшы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорт жөніндегі оқытушы-жаттықтырушы, өндірістік оқыту мастері, музыка жетекшісі, тәртіп жөніндегі кезекші, диеталық мейірбике.
      3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) үйлерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі мен орынбасары, шаруашылық жөніндегі меңгерушісі;
      2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: әлеуметтік қызметкер, кеңесші заңгер, бухгалтер, экономист, хатшы-машинист, іс жүргізуші, әдіскер, жеке күтуші, кадр бөлімінің инспекторы, аудармашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады