Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 07/01 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 8-16-58 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 39/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 29.10.2024 № 39/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектерін (жұмыссыз азаматтарды) жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін ұлғайту және олардың тәжірибе алуын, білімін жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Уәкілетті орган - "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі - жұмыспен қамту бөлімі):

      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар ретінде тіркелген жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын;

      2) жұмыссыз жастарға арналған дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім-шарт жасау міндеттелсін;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын қарастыру жүктелсін.

      2. Жастар практикасына қабылданған тұлғалардың айлық жалақысының мөлшері республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

      3. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 05/02 санды қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә. Әбдікеровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Әбдіғалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады